USD
USD
USD

Александр Недовесов «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионын ұтты

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Испаниядағы Марбелья челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz  ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Недовесов «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионын ұтты
Фото: NEGE.kz

Аcтана, NEGE. Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда испаниялық Пабло Андухар және швейцариялық, кезінде жекелей сында үш мәрте «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанған Станислас Вавринкамен кездесті. Александр мен Айсам бірінші партияда қарсыластарын бет қаратпай ұтты - 6:1. Екінші сет тағдыры тай-брейкте шешіліп, қазақстандық-пәкстандық жұп жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:1).

Жартылай финалда Недовесов пен Куреши чехиялық Роман Жебавы - аустриялық Филипп Освальд жұбымен күш сынасады.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер