USD
USD
USD

Александр Недовесов Лион ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Александр Недовесов Лион ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Влигенмен шеберлік байқасты.

Бір жарым сағатқа созылған матчта 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Куреши мен Недовесов бәсеке барысында 3 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.

Биылғы сәуір айында Мароккодағы осындай додада аталмыш жұптар кездесіп, онда да Айсам мен Александр басым түскен еді - 6:3, 6:4.

Ертең Недовесов пен Куреши финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Равен Клаасен – америкалық Натаниель Лэммонс немесе аргентиналық Максимо Гонсалес – бразилиялық Марсело Мело жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр