USD
USD
USD

Александр Недовесов екінші рет Анталия турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында Анталия 2 челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Александр Недовесов екінші рет Анталия турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандық-украиналық жұп финалда америкалықтар Роберт Гэллоуэй - Алекс Лоусонмен бас жүлдені сарапқа салды. Бұдан бұрын Анталияда өткен дәл осындай жарыста А.Недовесов пен Д.Молчанов жұбы чемпион атанған болатын. Сол доданың бастапқы кездесуінде олар америкалық жұпты екі сетте ұтқан еді. Бұл жолы бірінші партияда тоғызыншы геймде Недовесов пен Молчанов брейк жасай алды - 6:4. Екінші сетте қарсыластар брейкпен алмасып, кездесу тағдыры тай-брейкте қазақстандық-украиналық жұптың пайдасына шешілді - 7:6 (7:2). Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды. Осылайша Недовесов пен Молчанов Анталияда қатарынан екі турнирде жеңімпаз атанды. Бұл қазақстандық теннисшінің челленджер жарыстарындағы 17-інші жеңісі еді.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова

Талдықорғанда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің заманауи оқу ғимараты пайдалануға берілді

Мектеп

Тоқаев испандық футбол мектебінің тәжірибесін Қазақстанға әкелмек

Атлетико Мадрид және Тоқаев