USD
USD
USD

Александр Масляковтан шақырту алған «Сағыз» командасы Сочиге аттанды

Атырау облысының «Сағыз» командасы КВН халықаралық одағының президенті Александр Масляковтан шақырту алып, Сочи қаласына аттанды.

Александр Масляковтан шақырту алған «Сағыз» командасы Сочиге аттанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сочиде 11-22 наурызда «КиВиН-2021» көңілді тапқырлар клубы командаларының 32-ші халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Аталған фестивальға «Сағыз» командасы бес ойыншымен қатысады. Оларға облыс әкімдігі мен жергілікті кәсіпкер демеушілік көмек көрсетті.

«Бізде аздаған қобалжу бар. Өйткені, сахнада алғаш рет орыс тілінде өнер көрсетеміз. Дегенмен, біздің команда 12 жылдан бері сахнада өнер көрсетіп, біраз тәжірибе жинады. Ресейлік көңілді тапқырлар клубында өнер көрсету әр команданың мүшелерінің арманы ғой. Бұл – біздің бесінші талпынысымыз. Бұған дейін қаржының жоқтығынан Ресейге бара алмап едік», -дейді «Сағыз» командасының негізін қалаушы Ернар Сакупов.

Оның айтуынша, команда мүшелерінің дені Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының жастарынан құралған. Бұл команда бірнеше әзіл-сықақ шоу-бағдарламасының бірнеше дүркін жеңімпазы болған. Сондай-ақ, «Көңілді тапқырлар алаңы» жастар жобасының чемпионы атанған. Енді команда мүшелерінің алға қойған мақсаты – алдымен Краснодар өңірлік лигасына, сонан соң Ресейдің бірінші лигасына кіру.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер