USD
USD
USD

Александр Машкевич: ERG компаниясы медиаресурсқа иелік етуден кетеді

 Eurasian Resources Group компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, акционер Александр Машкевич ERG компаниясы медиаресурсқа иелік етуден кететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Машкевич: ERG компаниясы медиаресурсқа иелік етуден кетеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз қазір бұл мәселені талқылап жатырмыз. Қазір ұжыммен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біз кетіп жатырмыз, ERG компаниясы медиаресурстарға иелік етуден кетеді. Өйткені, әркім өз ісімен айналысу керек деп ойлаймын. Яғни, тау-кен өндіруші тау-кен бизнесімен айналысуы керек. Медиахолдингтер – өз алдына бөлек бизнес. Бұл – дербес сараптама, дербес білім, бөлек адамдар. Бізге өз бизнесімізге, тау-кен-металлургия қызметіне көбірек бағдарлану керек деп ойлаймын», – деді кәсіпкер ҚР Президентін ұлықтау шарасынан кейін БАҚ өкілдеірне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол компанияға қарасты медиаресурстың қызметкерлеріне тағы бір мүмкіндік берілуі де ықтимал екенін айтты.

«Ал ондағы қызметкерлерге келсек, қазір талқылап жатырмыз. Білмеймін, бәлкім оларға жалғасытурға мүмкіндік беретін шығармыз. Өздерімен сөйлесеміз. Өйткені біздің ойымызша, «Экспресс К» қазір жетекші, маңызды медиаресурстардың бірі болып есептеледі», – деді Александр Машкевич.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.