USD
USD
USD

Александр Герлиц шаңғымен тұрып жарысудан финалға шықты

Қазақстандық Александр Герлиц шаңғымен тұрып жарысудан Паралимпиада ойындарының финалына шықты.

Александр Герлиц шаңғымен тұрып жарысудан финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол сәрсенбі күні Чжанцзякоу қаласындағы шаңғы спорты ұлттық орталығында өткен жартылай финалда екінші келді. Қазақстандық спортшы жартылай финалда 3 минут 26,3 секунд көрсеткішпен екінші болды.

Онымен қатар қытайлық шаңғышы Цай Джун мен неміс М.Майер де финалға шықты.

Сәрсенбі күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 12:13) өтетін ақтық сында Александр Герлиц шаңғы жарысының фавориттері – Қытай, Украина, Франция және Германия спортшыларымен жеңіс тұғырындағы орындар үшін таласады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан 2022 жылғы Паралимпиада ойындарының алғашқы медалін жеңіп алды: Александр Герлиц парабиатлонда қола жүлдегер атанды.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur