USD
USD
USD

Александр Бублик Жаңа Зеландиядағы жарыста бақ сынайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик Окленд (Жаңа Зеландияя) АТР 250 турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Бублик Жаңа Зеландиядағы жарыста бақ сынайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші 9 қаңтар күні алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 53-орында тұрған бельгиялық Давид Гоффенмен шеберлік байқасады. А. Бублик сонымен қатар, аустралиялық Джон Смитпен бірге жұптық сында да өнер көрсетеді.

Жарыс 14 қаңтар күні мәреге жетеді. Бұл 16 қаңтар күні басталатын Аустралия ашық чемпионаты алдындағы соңғы дайындық болмақ.

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінде жекелей сында чехиялық Петра Квитовамен кездеседі. Елена жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге ойнайды.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Анна Данилина үндістандық Саня Мирзамен бірге Аделаидада жарыстың көшбасшысы болып тіркелген чехиялық Барбора Крейчикова – аустралиялық Сторм Хантермен өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстанның басқа да теннисшілері алдағы аптада бақ сынамақшы.

Қазір оқып жатыр

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ

40 жаста жүзуді бастаған қазақ қызы Балқаштың 21 шақырымын қалай бағындырды?

Балқашты жүзген қазақ әйелі

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.