USD
USD
USD

Александр Бублик алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик спорт жолында алғаш рет Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты. 

Александр Бублик алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:4. Екіншісінде қарқынын тіпті үдетті - 6:1.

Үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:4).

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта А.Бублик 10 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублев немесе рейтингте 123-сатыдағы бельгиялық Давид Гоффеннің біреуімен таласады.

Бүгін басқа қазақстандықтар қуанта алмады.

Андрей Голубев жұптық сында америкалық Максим Крессимен бірге жарыстың 11-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Гласспул - франциялық Николя Маюға жол берді - 4:6, 6:7 (4:7).

Юлия Путинцева чехиялық Линда Фрухвиртовамен бірге бельгиялық Ульрикке Эйкери - ресейлік Александра Пановадан жеңіліп қалды - 2:6, 6:2, 5:7.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакинаның екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза