USD
USD
USD

Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирде камбэкпен финалға шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 102-ракеткасы Александр Шевченко Самтер (АҚШ) челленджер турнирінің финалына өтті. 

Александр Шевченко
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 120-ракеткасы, жапониялық Шинтаро Мочизукимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда жапониялық теннисші сәтті ойнады – 6:4. Бұдан кейін Шевченко камбэк жасай білді – 6:1, 6:1.

Бір сағат 57 минутқа созылған матчта Шевченко 2 эйспен бірге 21 брейк-пойнттың тоғызын мүлт жібермеді. Мочизуки 3 эйс, 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Александр Шевченко финалда әлемнің 74-ракеткасы, италиялық Маттиа Белуччимен чемпиондық атақты сарапқа салады. Ол жартылай финалда рейтингіде 124-орындағы португалиялық Джейми Фарияны жолдан тайдырды – 6:0, 6:4.

Шевченко қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 89-орынға көтеріліп тұр.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы