USD
USD
USD

Александр Бублик Туринде жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Италияның Турин қаласында өтіп жатқан кәсіби турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Спорт
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Ширек финалда ол аргентиналық Томас Мартин Этчеверриге қарсы тартысты матч өткізді.

Бірінші сетте Бублик қарсыласын 6:2 есебімен жеңсе, екінші партияда Этчеверри 6:3 нәтижесімен таразы басын теңестірді.
Алайда шешуші үшінші сетте Бублик 7:5 есебімен басым түсіп, жеңісті жұлып әкетті.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған ойында қазақстандық спортшы 11 эйс орындап, 8 брейк-пойнттың төртеуінтиімді пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс жасап, 3 брейкке қол жеткізді.

Енді Бублик финал жолдамасы үшін әлемнің 71-ракеткасы, германиялық Даниэль Альтмайермен кортқа шығады.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы