USD
USD
USD

Александр Бублик теннистен Мадридтегі турнирде әлемнің сегізінші ракеткасын жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингісінде 75-орында) Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан ATP 1000 сериясындағы топырақ жабынды турнирдің төртінші айналымына шықты.

Бублик
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Үшінші кезеңде қазақстандық теннисші әлемнің сегізінші ракеткасы ресейлік Андрей Рублёвті жеңді. Кездесу 6:4, 0:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Александр Мадрид турнирі 2002 жылы ұйымдастырыла бастағалы бері ерлер арасындағы жекелей сайыста, қазіргі чемпионды алғашқы кездесуінде жеңе алған тек екінші ойыншы атанды (бұған дейін мұндай жетістікке 2004 жылы португалиялық Луиш Орна қол жеткізген).

Келесі айналымда Бублик чехиялық Якуб Меншикпен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.