2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Александр Бублик Галледегі турнирдің финалына шықты

Германияның Галле қаласында өтіп жатқан беделді ATP 500 сериясындағы турнирдің финалистері анықталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик аталмыш жарыстың финалына екінші мәрте жолдама алды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Александр Бублик
Фото: ҰОК

АЛМАТЫ, NEGE. Әлемдік рейтингте 45-орында тұрған Александр Бублик жартылай финалда ресейлік Карен Хачановты (22 ATP) аса тартысты өткен матчта 4:6, 7:5 (7:5), 6:4 есебімен жеңіп шықты. Бұл теннисшілердің кәсіби деңгейдегі екінші кездесуі болды, және есеп 1:1 болып теңесті.

Финалда Бублик тағы бір ресейлік теннисші Даниил Медведевпен (11 ATP) кездеседі. Медведев өз кезегінде жартылай финалда Германия өкілі Александр Зверевті (3 ATP) тізе бүктірді.

Айта кетейік, Александр Бублик бұл турнирде 2023 жылы чемпион атанып, ATP 500 санатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын.

Финалдық матч 22 маусым күні өтеді. Бұл Бублик үшін екі жыл бұрынғы жетістігін қайталап, Галледе екінші рет чемпион атануға берілген тамаша мүмкіндік.

Қазір оқып жатыр

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов