15 Маусым 19:48
...

«АлДавай» тобының мүшесі Шоқан Маратұлын журналист әшкере қылды

Фото:

Вакцина салдыру-салдырмау мәселесі қоғамның пікірін екіге бөлді. Бірі мұны құптарлық іс деп тапса, енді бірі барынша қарсылық танытып жатыр. Дегенмен қол жинап, вакцинаға қарсылығын білдіріп жатқан азаматтардың қарасы қалың. Өйткені халық қазір көп нәрсеге сенімсіздікпен қарайды. Әртүрлі болжамдарды топшылап, бүтін бір адамзатты вакцина басқаратын болады деген ойды алға тартуда. Алайда, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов вакцинацияның міндетті емес екенін айтқан. 

Вакцина салуға қарсы шыққандардың бірі - «АлДавай» тобының мүшесі Шоқан Маратұлы. Ол осы мәселеге қатысты белсенділік танытып жүргені туралы журналист Михаил Козачков өзінің Телеграм каналында жазған болатын. 

«Өткен аптада вакцинаға қарсы топпен сөз таластыруыма тура келді. Өмірімде бірінші рет олармен бетпе-бет келуім, дегенмен мені қатты таң қалдырды. Бұған дейін де вакцинаға қарсы адамдардың бар екеніне, олардың «адамға чип салады», «Билл Гейтс соны жоспарлап отыр» деген сынды ойларынан хабардар едім. Бірақ мен олардың осыншама белсенді екенін білмеппін», - деп жазды Козачков.

Журналисттің айтуынша, оған әріптесі Серікжан Мәулетбайдың вакцинацияға қатысты фейсбукте жарияланған жазбасы себепкер болған. Оған алғашқылардың бірі болып  «АлДавай» тобының мүшесі Шоқан Маратұлы пікір қалдырған. 

"Біздің елімізде психикалық ауытқуды дұғамен емдейтіндер де бар. Сол үшін таңданудың қажеті жоқ. Мүмкін Шоқан да осы тәсілді ұстанатындардың қатарында шығар? Бұл оның жеке ісі, әрине. Бірақ ол да өзінің жақтастары сияқты басқа көзқарастағы адамдардың ойын қабылдай алмайды. Мені оны жеке тәжірибем барысында анықтадым", - деп жазады Козачков. 

Журналистің айтуынша, оның бұл пікіріне қарсы шығатындар да көп болуы мүмкін. Бірақ әр адамның жеке ойы бар дегенді алға тартады. 

Әншінің сөзінен кейін апта бойы бір сарынды пікірлер жазылды, сол себепті мен бұл құпияның астарында не жатқанын анықтауды жөн көрдім, - деп жазды журналист. 

 

"Қысқасы, Шоқан өз дегеніне жетті. Бұған дейін оны зерттеп, әшкерелеу ойымда да болмаған. Ол мұны өзі қалады", - деп жазды Михаил Козачков. 

Біріншіден өзін Шоқанмын деп жүрген әншіміздің шын аты-жөні Шухрат Умаров болып шықты. Өзі туралы ақпаратты және ұлтын (ұйғырдан қазаққа) не себепті өзгерткенін 5 жыл бұрын ашық сұхбатта баяндаған екен. 

"Екіншіден, Шоқан Маратұлы Райымбек Баталовтың қызына үйленген екен және олардың екі баласы бар. Шоқан, менің саған шағын кеңесім бар - жұбайыңа көліктің тізгінін берме, мас күйінде біреуді қағып кетіп жүрер. Сол кезде нағыз шудың көкесі шығады. Дегенмен, олигархтың қызы ғой. Бұған дейін де ол мас күйінде көлік жүргізген болатын. Өкініштісі, біз оны 2016 жылы емес, қазір біліп отырмыз", - деп жазды журналист. 

Үшіншіден, "Шоқан өзін инстаграмда барынша жарнамалайды" деп жазды Козачков. Тіпті әлеуметтік желіде алаяқтардың құрбанына айналмаудың жолын үйреткен әншінің өзі де бірнеше рет алданған. 

"Ақыл айта жүріп, өзі айналасындағы адамдарды жіті танымайды" деп топшылайды журналист. 

2017 жылы Шоқан Маратұлы "Достық-Плазада" қыдырып жүрген кезінде, іскерлік ұсыныс айтып бір адам жолығады. Ол адам бұрын сотты болған Рамин Байкожа болып шығады. Рамин әншіге ұялы телефондарды арзан бағада сатып алуды ұсынып, дәлел ретінде қораптардың суретін көрсеткен. Мұндай жағдайда саналы адамға танымайтын біреу 16 мың теңгеге "Айфон" ұсынса не істейді? Дұрыс, бас тартады, сосын әлеуметтік желіде бөлісіп, осындай алаяқтықтан бас тартуға шақыратын еді. Алайда, Шоқан келіскен. 

 

 

 

Шоқан келісімді орындап, келісілген соманы туысы арқылы беріп жіберген. Нәтижесінде, "Айфонды" да, құлаққапты да алмаған. Соңында опық жеп, органдарға арыз жазуына тура келеді. Алаяқтар ұсталып, сотталады. Бірақ берген ақшасын қайтара алмаған. 

"Әлеуметтік желіде ақыл айтып, нақыл сөздер қалдырғанымен, өмірде сенгіш және аңғал екенін білдірді. Мұны түсіну үшін сот актілерінің базасында екі сағат отыруға тура келді. Мен әлі оның 5 компаниясы, ломбарды немен айналысатынын және оның салық бойынша берешегі бар-жоғын қарамадым. Мүмкін оның да ақ-қарасын ашармын. Бірақ осының өзі көп нәрсені аңғартады емес пе?" - деп жазды Михаил Козачков.

Тегтер: