USD
USD
USD

Алдағы үш тәулікте жауын-шашын күтіледі

Қазақстанның бірқатар облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте жауын-шашын күтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ауа райын демалыс күндері анықтаған антициклон біртіндеп әлсіреп Алтайға қарай ығысуда. Оның орнына Қазақстанның оңтүстік облыстарына Каспий теңізінің оңтүстігінен, ал солтүстік жартысына Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан циклон жылжуда, соған байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, солтүстік облыстарында екпінді батыс желі мен бұрқасын күтіледі», – делінген 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамында.

Хабарда атап өтілгендей, күндізгі ауа температурасы 0°С-қа, оңтүстікте плюс 5…12°С күтіледі, бұл орташа климаттық нормадан жоғары.

«Тек республиканың шығысында антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – деді синоптиктер.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды