USD
USD
USD

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 2022 жылғы 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, қар жауып, бұрқасын, тұман түсіп, 34 градус аяз болады. 

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар жүріп өтеді, салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады.

Тек елдің батысында ғана ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығысында тұман болады.

Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта -13, -22-ден 20-30 градус аязға дейін төмендейді.

Еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 градус аяз болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі

Астанада интернет-дүкен арқылы каннабис шайыры қосылған печенье сатылған

Есірткі қосылған печенье

Қытайдан шыққан жүк Қазақстанда неге жоғалады?

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс