USD
USD
USD

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай?

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 12-14 қазанына арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Метеорологтардың мәліметінше, кезең ішінде ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады.

«Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте — көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 13…20-ға дейін біртіндеп жоғарылайды, солтүстікте, шығыста және орталықта 8…15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 13…20-ға дейін», — делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда темір жол өткеліне шығып кеткен жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Тепловоз бен жүк көлігі

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік