USD
USD
USD

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы  жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол температураның қысқа мерзімге төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді. Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұманды болады.

Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды. Осыған байланысты мұнда да температура төмендейді және жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды — жауын-шашын, көктайғақ болады», — делінген синоптиктер мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев