USD
USD
USD

Алдағы уақытта қанттың бағасы түседі

Алдағы уақытта қант тапшылығы болмайды және оның бағасы төмендейді.

Алдағы уақытта қанттың бағасы түседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Астанада өткен қант зауыттары басшылары мен Сауда және интеграция министрлігінің бірлескен жиынында Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2028 жылға қарай өзіміздің өндірістен шыққан қызылшадан жасалатын қант көлемі көбейеді. Алдағы уақытта жыл басында болғандай тапшылық қайталанбайды. Қант бағасы 500-510 теңге көлемінде болады. Егер өзіміздің отандық қызылшадан жасалатын қант көлемі өссе, онда қанттың бағасы түседі», – деп атап өтті Ержан Қазанбаев.

Оның айтуынша, биыл жыл соңына дейін қант өндіруге қажетті шикізат шет елдерден импортталады. Ал 2028 жылға қарай еліміз импортты азайтып, Қазақстанда қант қызылшасының егістік көлемін ұлғайту жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған