USD
USD
USD

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26, 27 және 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Болжамға сәйкес, алдағы күндері ел аумағына антициклон келеді. Бұл - жауын-шашынның тоқтауына және ауа массаларының белсенді жылынуына ықпал етеді: күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25 градусқа дейін жылы, орталықта 8-18-ден 15-23 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 18-28-ден 23-30 градусқа дейін жылы, батыста 20-28 градус жылы, шығыста 10-18 градус жылы, ал оңтүстік-шығыста 17-25 градус жылы болады.

"Республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында құмды дауыл мен жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити