USD
USD
USD

Алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

“Қазгидромет” мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылдың 23-25 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер мәліметінше, еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады.

Алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, солайша Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. 

Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді.

Республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт