USD
USD
USD

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша  2022 жылдың 26-28 шілдесіне арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазгидрометтің мәліметінше, ел аумағында қатты ыстық ауа райы сақталады.

“Республика бойынша ауа райы тұрақсыз, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі” – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасының +25 +35°С-тан +30 +40°с-қа дейін көтерілуі күтіледі, ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасының күндіз +30 +35°С-тан +20 +30°с-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38°С-тан +27 +35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында болса ауа температурасы +22 +32°С-тан +27 +38°С-қа дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық сақталады: +40 +45°С.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия