USD
USD
USD

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 11-13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдағы күндері елімізде қатты жаңбыр жауып, күн айтарлықтай суытады.

"Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын оңтүстік циклон айқындайды, соған байланысты республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғады.

"Республика бойынша температуралық фон төмендейді. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсіл жүруі ықтимал. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 5-15 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе