USD
USD
USD

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары 18-20 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Солтүстіктен келген суық антициклон жауын-шашынның тоқтауына әсер етеді. Осылайша әуелі батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында ауа температурасы төмендейді. Демалыс күндерінің басында ғана Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 аяз – 10 жылудан 1-13, күндіз 13-20-дан 15-23 жылуға дейін алмасады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометр -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 жылуға дейін өзгереді.

Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 жылудан 2-10, күндіз 20-28-ден 10-18 жылыға дейін ауысады. Ал республиканың оңтүстігінде түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25-ке дейін жылынады.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді