Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаның ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша алдағы күндердің ауа райы болжамын алдын-ала ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, айдың соңына дейін оңтүстік астанада жауын-шашын болмайды. Бірақ қыстың бірінші күні қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаның ауа райы болжамы жарияланды
Фото: NEGE.kz

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2023 жылы 26 қарашадан 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде қалада ауа температурасы +17°С-қа дейін көтеріліп, күн райы жылы болады, бірақ қыс айының басынан бастап суық түседі: қар аралас жаңбыр жауады. Түнгі уақытта сынап бағаны нөлге дейін төмендейді.

26 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні: 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +11...+13°С.

27 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні: 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +13... +15°С.

28 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +14...+16°С.

29 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз +15...+17°С.

30 қараша: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы: +5...+7°С, күндіз: +8...+10°С.

1 желтоқсан: аспан бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +3...+5°С.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел