USD
USD
USD

Алдағы айда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" өкілдері Алматыда қаңтар айының соңына дейін және ақпанда ауа райы қандай болатынын айтып берді.

Алдағы айда ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Синоптиктердің мәлімтеінше, 27-28 қаңтарда Алматыда күн суытады.

"Алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнде ауа температурасы 0, -5 градус, күндіз +5+10 градус болады.

Бірақ аптаның ортасынан бастап 27-28 қаңтарда жауын-шашын болжанады - жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ, секундына 2-7 метр жел. Ауа температурасы түнде -10-15 градусқа дейін, күндіз-2-7 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.

Қаңтардың үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде -10-15 градустан 0 -5 градусқа дейін, күндіз-2-7-ден +3+8 градусқа дейін өзгеруі болжанады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, ақпанға арналған консультатив ауа райы болжамына қарағанда, Алматыда жауын-шашын жиі болады - бір ай бойы жаңбыр мен қар жауады, түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады. Айдың басында және үшінші онкүндіктің басында жылы ауа массаларын шығара отырып, ауа температурасы түнде 0, -8 дейін, күндіз +3+8 градусқа дейін көтерілуі болжанады. Айдың ортасында және соңында ауа температурасы түнде-11-16 градусқа дейін, күндіз-5-10 градусқа дейін төмендейді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян