USD
USD
USD

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

28-30 қазан аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды.

Аспан
Фото: ғаламтордан

Республикалық гидрометеорологиялық қызмет 28–30 қазан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, Атлантикадан келген циклон Батыс Қазақстанда жаңбыр мен желдің күшеюіне себеп болады. Кей аймақтарда жауын-шашын кеш түскенге дейін жалғасады.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жауынсыз күн райы күтіледі. Тек 30 қазан күнісолтүстік облыстарға бұлтты ауа массалары жетіп, аздаған жауын жаууы мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жаңбыр қарға ұласуы ықтимал.

Қазақстан бойынша күн күрт сууы күтілмейді. Ауа температурасы мынадай болады: Солтүстікте: +10…+15 °C; Орталық пен шығыста: +10…+18 °C; Оңтүстікте: +20…+28 °C; Батыс пен оңтүстік-шығыста: +9…+17 °C дейін төмендейді. Түнгі және таңғы уақытта елдің басым бөлігінде тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Бектенов: «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады

Самұрық-Қазына

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Қайрат

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Күдікті

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер