USD
USD
USD

Алдағы күндері оңтүстікте ауа температурасы 46 градусқа дейін көтерілмек

«Қазгидромет» РМК 16-18 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклоны мен соған байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа райы тұрақсыз болады.

аптап ыстық
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Алдағы үш күнде кей жерлерде қатты жауын-шашын жауып, бұршақ түсіп, жел екпіні күшейеді деп болжанған.

Жауын-шашын салдарынан Қазақстанның батысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдегенімен, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысының жекелеген аудандарында Орта Азия өңірлерінен келетін ыстық ауа массаларының ықпалы сақталады. Оңтүстік өңірде негізінен жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, тек оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында өткінші найзағайлы жаңбыр болуы мүмкін. Ал күндіз ауа температурасы +41...+46°С-қа дейін жетеді деп болжануда.

«Бұл климаттық нормадан жоғары», – дейді синоптиктер.

Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +22...+35°С болады. Солтүстікте температура қысқа мерзімге +21...+36°С-қа дейін төмендейді, ал республиканың орталығы мен шығысында +41°С-қа дейін өте қатты ыстық сақталады.

Қазір оқып жатыр

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер