USD
USD
USD

Альберт Рау мен Дания Еспаева мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып сайланды

Мәжілістің жалпы отырысы барысында палата төрағасының екі орынбасары сайланды.

Альберт Рау мен Дания Еспаева мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 9-бабы 8-тармағына сәйкес, палата депутаттары арасынан Мәжіліс төрағасының ұсынуымен палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланатын 2 орынбасары болады. Сондықтан өзіме берілген құқықты пайдалана отырып, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары лауазымына алдымен Мәжіліс депутаты Альберт Раудың кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысы барысында.

Дауыс беру барысында отырысқа қатысқан 97 депутаттың 96-сы Альберт Раудың кандидатурасын қолдап, 1 депутат қалыс қалды.

Осыдан кейін Мәжіліс төрағасы 2-ші орынбасары лауазымына Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.

«Дания Мәдиқызы тәжірибелі экономист. Көп жыл басшылық қызметте, банк секторында жұмыс істеді. 7-сайланымдағы Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы болып, заң шығару қызметіне белсене атсалысты. Өзін кәсіби маман ретінде көрсете білді», - деді Ерлан Қошанов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе