USD
USD
USD

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлібек Қуантыров экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Экология және табиғи ресурстар министрі
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл министрлікті бұған дейін Ерлан Нысанбаев басқарған болатын.

Айта кетейік, Әлібек Қуантыров 1983 жылғы 14 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мен «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша бітірген. 2010 жылы Мичиган университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша қолданбалы экономика магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ішкі әкімшілік департаментінің, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары ұлттық экономика вице-министрі, ал 2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы ақпанға дейін ұлттық экономика министрі болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорында», «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінде», «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясында» Директорлар кеңесінің мүшесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында» басқарма кеңесінің мүшесі, «Экономикалық зерттеулер институтында» Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

«KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры, сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

Ағылшын, испан және неміс тілдерін меңгерген.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған