USD
USD
USD

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауын халықаралық байқаушылар да бақылап жүр. Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі Еуген Душаллари Астанадағы бірнеше сайлау учаскесін аралап, дауыс берудің ұйымдастырылуына оң баға берді. Ол сайлаушылар үшін қажетті жағдай жасалып, үдеріс өз ретімен жүріп жатқанын жеткізді.

Құрылтай сайлауы
Фото: egov.kz

Астана, NEGE. Арнаулы делегация Астанадағы №128 сайлау учаскесіне барып көрді. Бірнеше учаскедегі жағдайды салыстыра сараптаған халықаралық өкіл дауыс беру рәсімінің жинақы әрі жүйелі ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.

«Көзімізге оттай басылғаны – мұнда әрбір дауыс берушіге жағымды әрі жайлы жағдай жасалғаны. Ұйымдастырушылар жылы қабақпен қарсы алып, бағыт-бағдар көрсетіп жатыр. Келушілер қарасы мол. Әзірге заңға қиғаш жайттарды байқаған жоқпыз. Бәрі өз ретімен өтіп жатыр», – деді Еуген Душаллари.

Албаниялық бақылаушы еліміздегі саяси өзгерістерге де тоқталды. «Қазақстан қос палаталы Парламенттен бір палаталы Құрылтайға көшкелі жатыр. Расында, бұл әлемдік тәжірибеде бар және нәтижелі үрдіс», – деді арнаулы өкіл.

Бұдан бөлек, албаниялық мейман Астана қаласы туралы әсерін де жасырмады. Елорданың еңселі ғимараттары мен кең көшелері жанға жайлылық сыйлайтынын атап өтті. Сайлау күні жаңбырлы болғанымен, адамдардың мерекелік көңіл күйде жүргенін жылы жымиып жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум