USD
USD
USD

Алаяқтық жасаған аудан әкімі 5 жылға сотталды

Ол 12 млн-ға жуық теңгені алаяқтық жолмен қолды қылған.

Алаяқтық жасаған аудан әкімі 5 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеулер департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығының иесіне жалпы құны 11 840 000 теңгені құрайтын «Құлан» бағдарламасы бойынша 40 жылқы сатып алуға несие бергені анықталды, алайда бұл ақша иесіне бұйырмаған, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ауылдық округ әкімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі (аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Көрсетілген қаражатты иемденіп, оны өз қажеттіліктері үшін ысырап ету мақсатында жалған құжаттар мен түбіртектерді қолданғаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт