Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алаяқтық бойынша сотталған азамат пробация қызметкеріне 40 мың теңге пара ұсынған

Таразда пробация қызметінің қызметкеріне пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтық бойынша сотталған азамат пробация қызметкеріне 40 мың теңге пара ұсынған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 30 жастағы ер адам пробация қызметкеріне тәртіптік жауапкершілікке тартпауы және бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін материалдарды сотқа жібермеуін сұрап, 40 мың теңге пара ұсынған. – Тараз қалалық №2 пробация қызметінің аға инспекторы Айдос Түстікбаевқа пара ұсынған азамат қолға түсті.

Алдын ала тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық істі ҚІБ тәртібінде аяқтау туралы мәселе шешілуде. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табады, – деді Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Ескеев.

Еске сала кетейік, Жамбылда бір күн бұрын пробация қызметкеріне 20 мың теңге көлемінде пара ұсынған азаматша құрықталған еді.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант