USD
USD
USD

Алаяқтық 4 есе көбейген

Түркістан облысында жыл басынан бері екі айдың ішінде 81 алаяқтық қылмысы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алаяқтық 4 есе көбейген
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция капитаны Шыңғыс Жайлаубектің айтуынша, өткен өңірде 225 интернет алаяқтығы бойынша қылмыстық іс тіркелген. Оның басым бөлігі Түркістан, Кентау қалалары мен Жетісай, Сарыағаш, Келес аудандарында орын алған.

Интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізген. Мәселен, Мақтаарал ауданында жергілікті тұрғын әлеуметтік желі арқылы бір топқа кірген. Ол ақшасын екі есеге ұлғайту мақсатында 19 мың теңгесін аударғанын айтқан. Алайда топтың ұйымдастырушысы ақшаны алысымен ізін суытыпты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауданның тәртіп сақшылар бір тәулік ішінде алаяқтық жасады деген әйелді ұстады. Дәл осындай жағдай Жетісай ауданында да орын алған. Интернет алайқтарға алданған жергілікті тұрғын 980 мың теңгесін аударып жібергені анықталған. Нәтижесінде бұл қылмысқа қатысы бар 2 күдікті әйел ұсталды.

«Өткен жылы түркістандық тәртіп сақшылары 57 миллион теңгенің интернет-алаяқтығын жасаған күдіктіні қолға түсірді. Ол телефон арқылы өнімдерге тонналап тапсырыс беріп, өз есепшотына ақшасын аудартып алған. Соңынан байланысты бірден үзген. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталды»,- дейді полиция капитаны Шыңғыс Жайлаубек.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

өрт

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

патрульдеу

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тұрсын Алагөзов

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев