Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық экстрадицияланды

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.

Экстрадиция
Фото: Прокуратура

Алматы, NEGE. Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант