USD
USD
USD

Алаяқтық жасады деп айыпталған күдікті Әзірбайжаннан экстрадицияланды

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Әзірбайжаннан жеткізді.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сенімдерін теріс пайдаланып, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында ол алаяқтық жолмен «Toyota Land Cruiser» көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынған, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі таңда күдікті Астана қаласында тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай