USD
USD
USD

Алаяқтар қазақстандықтарды WhatsApp арқылы алдап жүр

Алаяқтар жеке фотосуреттеріне сілтеме жібереді, сол арқылы адамдардың жеке және төлем деректерін иемденеді, деп хабарлайды stopfake.kz.

Алаяқтар қазақстандықтарды WhatsApp арқылы алдап жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. KZ Cert Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінен хабарлағандай, алаяқтықтың мұндай тәсілі қолданылуы мүмкін, өйткені зиянкестер жіберген сілтемеде зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету болуы ықтимал немесе ол фишингтік сайтқа апарады.

– Егер сілтемесі бар ақпарат келсе, оны тексеру үшін https://t.me/kzcert чатына жіберіңіз. Қызметкерлеріміз тексеріп, жауабын айтады. Біз 24/7 жұмыс істейміз, – деп хабарлады KZ CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінен.

Сондай-ақ ақпараттық таратылымда ұялы байланыс компанияларының менеджерлерінің қоңыраулары туралы ескертіледі. Алаяқтар мобильді банкингке кіру үшін парольдерді алуға мүмкіндік беретін сандар мен белгілер жиынтығын телефонда теруді сұрайды. Beeline компаниясының PR-қызметі мұндай схема техникалық тұрғыдан жұмыс істей алмайтынын хабарлады.

«Телефон арқылы сөйлесу және кейбір сандарды теру арқылы банкингтің құпия сөздерін анықтау техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Алаяқтар манипуляция арқылы ақша қаражатын иемдену үшін несие картасының кодын айтуға көндіруі мүмкін. Белгілі бір сандар жиынтығы мен символдарды теру арқылы сим-картаны, мобильді банкингті басқара алмайды. Клиенттер абай болып, алаяқтардан арандатушылыққа бармауы керек. Ұялы байланыс операторларының қызметкерлері абоненттерге ешқашан қоңырау шалмайды және сандар мен символдар комбинациясын теруді сұрамайды», – деп хабарлады компаниядан. Дегенмен сарапшылар хабарламаларға жауап ретінде немесе бейтаныс біреудің өтінішімен ешқандай деректерді енгізбеуге кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза