USD
USD
USD

Алаяқтар «Орда» тобының концертіне жалған билет сатқан

Астанада концерт билеттерін сатумен байланысты алаяқтық схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалған код
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елорда тұрғындары жалған концерт билеттерін сатып алып, алаяқтардың құрбаны болды. Жәбірленушілер танымал «Орда» тобының концертіне кіре алмай қалған сәтте ғана алданғандарын түсініп, бірден полицияға жүгінген.

Сол сияқты, басқа да азаматтар ресейлік танымал әншінің кешіне кіру үшін жалған QR кодтар сатып алған. Билеттердің құны 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болған, ал жалпы келтірілген шығын шамамен 200 мың теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл алаяқтыққа 18 жастағы азаматтың қатысы бар екенін анықтады. Күдікті Instagram желісінде жалған аккаунт ашып, танымал әншілердің концерттеріне баруға мүмкіндік беретін, шын мәнінде жоқ билеттерді ұсынған. Полиция қызметкерлері жәбірленушілер ақша аударған банктік шотты тексеру арқылы күдіктіні таба алды.

Тергеу барысында жас жігіт өз кінәсін толық мойындап, тағы да 11 осындай алаяқтық әрекет жасағаны анықталды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес