USD
USD
USD

Алаяқтар БЖЗҚ салымшыларын алдауға көшкен

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері шығып жатқанын хабарлап, алаяқтардан қорғану жолдарын түсіндірді.

БЖЗҚ салымшылары
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қор бөлімшелеріне міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны туралы хабар алған азаматтар жиі жүгінетін болған. Алаяқтар ел тұрғындарын өзін қор қызметкері ретінде таныстырып, алдауға көшкен. Олар зейнетақы есептеу кезінде бірнеше жылғы еңбек өтілі ескерілмей қалғанын, зейнетақыны қайта есептеп, мөлшерін арттыруға болатынын айтып алдайтын болған.

«Алаяқтар сенімге кіру мақсатында Қордың нақты жұмыс істейтін бөлімшелерінің мекенжайын айтып, азаматтарды сол жерге келуге шақырады. Филиалға жүгінушілердің айтуынша, қызметті «жылдам әрі ыңғайлы алу үшін» алдын ала электрондық кезекке қоямыз деп, SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды. Өкінішке қарай, мұндай кодтарды алаяқтарға хабарлап қойған азаматтар да бар», – делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Бұл ретте қор өкілдері БЖЗҚ қызметкерлері қоңырау соқпайтынын, телефон арқылы, электрондық пошта немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия ақпаратты ешқашан сұрамайтынын қатаң ескертеді. 

«Қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, ЖСН-іңізді, мекенжайыңызды немесе жұмыс орныңызды білгенімен, бұл оның ресми қызметкер екенін білдірмейді. Мұндай мәліметтер алаяқтардың қолына ашық дереккөздерден түсуі мүмкін», – деп ескертеді мамандар.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады?

  1. SMS арқылы келген кодтарды және жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз.
  2. Әңгіме SMS-код туралы басталған сәтте күмәнді қоңырауды бірден тоқтатыңыз.
  3. Ақпараттың дұрыстығын тек ресми арналар арқылы тексеріңіз (байланыс орталығы, ресми сайт немесе мобильді қосымша)

Мамандар алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті

«Әділет» партиясы

Спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың мәселесі шешілгенін хабарлады

Михаил Шайдоров

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі кінәсін толық мойындады

жол апаты

БЖЗҚ-да талап етілмеген зейнетақы жинағының жалпы сомасы 45 млрд теңгеге жеткен

ақша