30 Маусым 19:42

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан жалған хабарлама таратқан

Мәдениет және ақпарат министрі
Фото: Gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп жатқанын хабарлады. 

  Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін хабарлайды.

«Мұндай хабарламалар алаяқардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз», – делінген хабарламада.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет етуді ұсынады:

1. Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.

2. Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.

«Азаматтардың мүддесін қорғау – біздің басты міндетіміз. Біз алаяқтық әрекеттерін болдырмауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бар күшімізді саламыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.