Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алаяққа арбалған келіншек: Өмірлік жиған-тергенім далаға кетті

 Инвестор болып, ірі кәсіпте пайызыңды алып отыру сауаты бар әр адамның мақсаты ғой. Алайда, алаяқтарға жем болып қаламын деп екі ойласа түске кірмейтіндер көбейді. 

Алаяққа арбалған келіншек: Өмірлік жиған-тергенім далаға кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай жағдай кинода ғана емес, шынайы өмірде де көптеп кездеседі. Осындай шытырманды бастан кешірген алматылық Алтынайдың бүгінгі халі жылатпаса, қуантпайтыны сөзсіз. Халықаралық компанияда 25 жылдай қызмет атқарып, жиған тергені бір күнде алаяққа жем болған келіншектің  дәл қазір хостельді паналап, сот табалдырығын тоздырудан басқа амалы қалмаған. 8 жылдан бері сеніміне енген Олжас атты досының 257 миллионды қолды қылып, жалған келісімшарттармен алдап кеткенін айтып шырылдаған Алтынайдың өткенге өкінгеннен басқа амалы қалмағандай. Қырғызстаннан картоп өнімін әкеліп ірі сауда орындарына тарату арқылы қомақты табыс табуға шақырып, алдаған күдікті  Олжас бүгінгі күні қамауға алынған. Алайда, тергеу ісінің баяу жүріп жатқаны, ешқандай мүлкінің бұғатталмауы жәбірленушінің өзін де,  адвокатын да алаңдататынын айтуда.

«Күдіктінің әкесі белді азаматтардың бірі болғандықтан, Олжаспен де арадағы сегіз жылдық таныстығымызға сеніп ақшаны еш ойланбастан қолына ұстатып едім», – дейді Алтынай. Өмірлік жиғаным мен екі пәтерімнің ақшасы далаға кетті деп жан ұшырған келіншектің  бар өмірі сот орындаушылары мен тергеушілердің қолында десек артық айтқандық болмас. Материалдық шығыны өтеліп, алаяқ тиісті жазасын алса, жапа шеккен Алтынайдың да көңілі орнына түсер еді. 

Айта кетейік, Олжас Сыдықов 25 жыл Сенат аппаратында басшылық қызмет атқарған, қазіргі Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың жалғыз ұлы. Жәбірленуші тергеу жұмыстарының дұрыс жүрмегенін әкесінің тікелей ықпалымен байланыстырады. 

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық