USD
USD
USD

Алаяққа алданып, 10 млн теңгесінен айырылды

 Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны аңқаулығынан барлық жинақтарынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяққа алданып, 10 млн теңгесінен айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әйелдің ұялы телефонына бейтаныс адам хабарласып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған. Сеніміне кірген алаяқ әйелден СМС хабарлама кодын алып, үш банктік шотындағы жалпы сомасы 10 млн-ға жуық жинақтарын жымқырған. «Ұялы телефонына келген СМС-кодын алған алаяқ әйелдің барлық жинақтарын үш банктік шоттан өзінің картасына аударған. Осылайша, Хромтау қаласының тұрғыны 10 млн теңгеге жуық теңгесінен айырылған», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт