USD
USD
USD

Алаяққа 6 млн теңгеге алданды

 Өскемен қаласының тұрғыны өзін риэлтор ретінде таныстырған алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяққа 6 млн теңгеге алданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Үлбі полиция бөліміне 53 жастағы тұрғын жүгінді. Өз сөзінде ол алаяққа алданып, 5 900 000 теңгесінен айырылғанын жеткізген. Белгілі болғандай, жәбірленушіге өзін риэлтор ретінде таныстырған бейтаныс біреу құжаттар көрсетіп, сеніміне кірген. Баспана сатып алуға көмектесетіндігін айтып, уәде берді. Алайда келісім-шартқа қол қойып, қомақты қаржы қолына түсісімен ол мүлде байланысқа шықпай кеткен. «Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 32 жастағы күдіктіні ұстады. Оған қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған», – делінген ақпаратта. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО әкімдігінің қасындағы ғимаратқа бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат түскенін хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт