USD
USD
USD

Алаяқ ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп 9 млн теңгені қолды еткен

Алаяқ ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп 9 млн теңге алған. 

Алаяқ ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп 9 млн теңгені қолды еткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өскемен қаласында ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп 9 млн теңге пайда көрген алаяқ ұсталды. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан 28 жастағы азамат ипотека рәсімдеуге көмектесетіндігін айтқан алаяққа алданып қалғанын жеткізген. Жәбірленушінің жеке деректерін алған ол банктің мобильді қосымшасы арқылы 3 млн теңге несие алып, өз қалтасына басқан.

«Сондай-ақ 51 жастағы қала тұрғынынан осыған ұқсас арыз түсті. Ер адамның айтуынша, бейтаныс біреу жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ипотекалық несие алуға көмек көрсетемін деп оның телефонына орнатылған мобильді қосымша арқылы 6 млн теңге несие алып, өзінің банк шотына аударған», - делінген ақпаратта.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. 24 жастағы жергілікті тұрғын өз кінәсін мойындап отыр.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев