USD
USD
USD

Алаяқ ақмолалық тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген

Алаяқ қосымша арқылы ақмолалық тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқ ақмолалық тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 тамыз күні  Жарқайың ауданының полиция бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғынынан алаяқтық фактісіне қатысты өтініш келіп түскен. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес 16 тамызда белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, өзін Halyk Bank қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық әрекеттердің алдын алу және оның шотындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ер адамға Rust Disk қашықтан қол жеткізу бағдарламасын жүктеу қажет деп сендірген.

Осы қосымшаны орнатқаннан кейін, жәбірленуші телефонның екінші жағында алаяқ екенін түсініп, ұшу режимін қосқан. Алайда, осы режим өшірілгеннен кейін ҚР жетекші банктерінің бірінде өтеу кестесі туралы хабарлама табылып, онда белгісіз тұлға оның атына 2,8 миллион теңгеден астам несие ресімдеген.

Өтініш берушінің айтуынша, күдіктімен телефон арқылы сөйлесу шамамен 1 минутқа созылған.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты