Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алаяқ әйел қарт ананы алдап, сөмкесін алып кетті

Теміртаулық полицейлер 81 жастағы қала тұрғынына қатысты ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқ әйел қарт ананы алдап, сөмкесін алып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық Қарттар күніне орай Теміртау қаласының Ескіқалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 81 жастағы Раиса Степановаға сыйлық жасады. 29 қыркүйекте зейнеткер дүкендердің бірінде заттар сатып алып, заттарын сөмкесіне салыпты. Сөмкеде, зейнетақыдан қалған кішкене жинаған ақшасы, бес мың теңгесі болған. Кенеттен қарияға әйел жақындап, көмектескісі келіп, үйіне дейін шығарып салғысы келіпті. Әже құйтыр-қылықты сезінбестен, көмекшісіне сөмкесін бере салды. Біраз уақыттан соң көмекшісі жоғалып кеткенін түсінді. Шығын 9 700 теңгені құрады. Ол – қария үшін қомақты сома. Полиция қызметкерлері үлкен кісінің берген сипаттамасына сәйкес, қарияның сенімін теріс пайдаланған зұлым-әйелді ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 31 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Кінәсін мойындап, сөмкені заттарымен қайтарып берді. Зейнеткер, дер кезінде туындаған мәселені шешкен құқық қорғаушыларға алғысын білдірді.

- Қылмыскерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Қазір оқып жатыр

Көрімдік берудің жаңа тәсілі: Aitu-да дәстүрге арналған аударымдар пайда болады

 Aitu

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы