19 Қараша 16:16
...

Әл-ауқатты жақсартуға арналған ұсынымдар

Фото:
Ақшаны дұрыс басқара білу – ауқатты арттыру мәселесінде

жасалған жарты қадам. Жалақыдан жалақыға дейін ілдәлдалап күн көріп, халықтың көп бөлігі қаржыны дұрыс жұмсауды ойлап үлгермейді де. Сарапшылар қаржылық сауаттылық бойынша кітап оқуға уақыт бөлуді және ойластырылмаған шығындар деңгейін төмендету үшін қарапайым ұсынымдардан бастауды ұсынады.

Шығындарды алдын ала жоспарлаңыз. Жоспарланған бюджеттің болуы импульсивті сатып алу мен асығыс шығындар қаупін едәуір төмендетеді. Жалақы алған сәттен жоспар құрып, өткінші сатып алуларды болдырмай, оны берік ұстанған жөн.

Әр жалақыдан 5-15% үнемдеңіз. Бұл бөлікті жалақыдан шегеріп, ай сайынғы бюджетте ескермеу қажет. Мұндай стратегия үлкен сатып алуларға біртіндеп және ауыртпалықсыз жинақтауға, дағдарыстар мен күтпеген шығындар жағдайында қаржылық жастықша жасап алуға  мүмкіндік береді.

Сатып алуларды саналы түрде жасаңыз, жарнама мен қымбат брендтерге әуес болмаңыз. Біздің қоғамдағы үлкен проблема – қалтасы көтермейтін қымбат гаджеттер мен аксессуарлар есебінен жақсырақ көрінуге жиі ұмтылу. Несиеге айфон сатып алудың орнына функционалды және шынымен қажет заттарға артықшылық беруге тырысыңыз.

Шығындар есебін жүргізіңіз. Барлық шығындарыңызды жазыңыз, бір айдан кейін Сіздің қаржылық әл-ауқатыңыз қайда кететінін көресіз. Көз алдыңызда барлық шығындар тізімінің болуы өз шығындарыңызды талдауға және пайдалы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Қолайсыз шарттары бар қарыздар мен несиелерден аулақ болыңыз. Әрине, табыс деңгейі төмен болғанда несиесіз болу мүмкін емес. Бірақ егер қарыз әлі де қажет болса, нарықтағы барлық ұсыныстарды алдын ала талдап, қысқа мерзімді микрокредит онлайн көмегіне жүгініңіз. Мұны MyCredy қаржылық қызметтерін салыстыру сервисінің көмегімен тез және ыңғайлы жасауға болады.

Тегтер: