USD
USD
USD

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Қос Палатаның бірлескен отырысында сенатор Евгений Больгерт Алатау қаласына қатысты заң жобасын таныстырған вице-премьер Қанат Бозымбаевтан қала инвесторлар үшін Сингапур немесе Дубайдан қандай артықшылығы болатынын сұрады.

Қанат Бозымбаев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бозымбаев бұған жауап ретінде Алатауды әзірге бұл қалалармен салыстыру ерте екенін айтты.

«Сингапур мен Дубай – өзін дәлелдеген юрисдикциялар. Әрине, біз әзірге олармен бір инвесторлар үшін бәсекеге түсе алмаймыз. Белгілі бір деңгейде бұған ұмтылмаймыз да. Қазір Дубайда үдерістер қалай жүріп жатқаны бәріне түсінікті. Көптеген ел осы сәтті пайдаланып, резиденттерді өзіне тартуға тырысып жатыр. Бірақ біз офшорлық аймақ құрғалы отырған жоқпыз – біз жедел дамитын қала салғалы отырмыз. Егер резиденттерді тартатын болсақ, онда Алатауда нақты бір іспен айналысатындарды ғана тартамыз.

Алатау барлығымен бірдей айналысады деп ойламаймыз. Бұл – тығырыққа тірейтін жол», – деді премьер-министрдің орынбасары.

Сондай-ақ Бозымбаев өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін Алатау бюджетінен басқа бюджеттерге қаражат алынбайтынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

бокаев

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

Полиция

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Парақорлық

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

«Алатау» АЭА