USD
USD
USD

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Alatau City жобасының Еуропадағы роуд-шоуы аясында  жалпы инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асатын 27 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Делегация Алатау сити
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Қазақстандық делегацияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды. Делегация Лондон, Берлин және Франкфурт қалаларында шетелдік компаниялар мен қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Роуд-шоудың соңғы кездесуі Германияның Франкфурт қаласында өтті. Оған банктер мен инвестициялық компаниялардың өкілдері қатысты. Тараптар Alatau City-дегі жол, су, электр және басқа да инфрақұрылым нысандарын салуға қаржы тарту мәселесін талқылады.

Кездесу нәтижесінде Германияның AKA Bank пен KfW қаржы ұйымдары Alatau City жобаларына несие беріп, тараптар қала құрылысына қажет жабдықтарды Германиядан сатып алуға келісті.

Бұдан бөлек, WILO, Zrinski Solutions, Myron AG, Nikolaus & Co. және Schneider Group компанияларымен келіссөздер жүргізілді. Олармен инженерлік желілерді дамыту, медициналық бұйымдар шығаратын өндіріс орындарын ашу, цифрлық технологияларды енгізу және инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

Германиядағы кездесулер нәтижесінде жалпы инвестициялық әлеуеті $715 млн болатын 18 құжатқа қол қойылды.

Ал Еуропадағы бүкіл роуд-шоу қорытындысында жалпы әлеуеті $2 млрд-тан асатын 27 коммерциялық құжат жасалды. Олар қаржы, құрылыс, білім беру, машина жасау, медицина, туризм және цифрлық технологиялар салаларын қамтымақ. 

Қазір оқып жатыр

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу