USD
USD
USD

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

«Alatau City Authority» арнаулы басқару ұйымы мен оңтүстіккореялық технологиялық компаниялар – AST Holdings Co., Ltd. және ILJOO GnS Co., Ltd. Smart City және Digital Twin саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Келесі практикалық кезең – Alatau City-де цифрлық егіз және заттар интернеті (IoT) технологияларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны пысықтау.

Alatau
Фото: Gov

Астана, NEGE. Құжат Alatau City аумағында цифрлық егіз (Digital Twin) және заттар интернеті (IoT) технологияларын қолдану бойынша бірлескен пилоттық жобаны (Proof of Concept, PoC) іске қосуды көздейді.

Қол қою рәсімі Пусанда Global Smart City Expo халықаралық көрмесі аясында өтті және жаңа қаланы құруға әлемнің жетекші құзыреттерін тарту жолындағы практикалық қадам болды.

Alatau City Қазақстанның урбанизация мен іскерлік белсенділіктің жаңа ауқымды орталығы ретінде дамып келеді. Жобаның негізгі артықшылығы – физикалық құрылыс салумен қатар, жасанды интеллект құралдарын, деректерді жинауды және заттар интернетін (IoT) қалалық кеңістікке нөлден кіріктіре отырып, бірыңғай цифрлық инфрақұрылымды басынан қалау мүмкіндігі.

Alatau
Gov

Меморандум аясында тараптар бірден қымбатқа түсетін толыққанды енгізу жұмыстарына көшпей, технологияларды практикалық сынақтан өткізеді. Пилоттық жоба қалалық деректерді жинау мен синхрондауды, инженерлік жүйелердің мониторингін тексеруге мүмкіндік береді. Болашақта цифрлық модель қала құрылысында, көлік логистикасында, коммуналдық желілер мониторингінде және экологиялық қауіпсіздік саласында басқарушылық шешімдер қабылдаудың қолданбалы құралына айналады.

«Біздің міндетіміз – қала салынып біткенше күтіп, содан кейін ғана оның күрделі цифрлық трансформациясын бастау емес. Alatau City-дің қажетті IT-архитектураны дәл іргетастан қалыптастыруға бірегей мүмкіндігі бар. Біз цифрлық егізді жай презентациялық 3D-модель емес, нақты деректер негізінде қаланың дамуын басқаруға арналған жұмыс істейтін аналитикалық жүйе ретінде қарастырамыз. Сондықтан біз әр шешімнің тиімділігін оны кең көлемде таратудан бұрын практикада бағалау үшін танылған кореялық сарапшылармен пилоттан бастаймыз», – деп атап өтті Alatau City Authority-дің бас атқарушы директоры (CEO) Әлішер Әбдіқадыров.

Alatau City Authority әріптестерінің расталған халықаралық тәжірибесі бар:

  • AST Holdings Co., Ltd. – Smart City, GIS, BIM және Digital Twin технологияларына маманданған оңтүстіккореялық компания: Оңтүстік Кореяда, Сауд Арабиясында және басқа елдерде ауқымды жобаларды іске асыру тәжірибесі бар.
  • ILJOO GnS Co., Ltd. – өнеркәсіптік цифрландыру, жасанды интеллект және маңызды инфрақұрылымның қауіпсіздігі саласындағы шешімдерді әзірлеуші компания.

Кореялық әріптестермен ынтымақтастық бірлесіп тестілеу және технологиялардың өзара трансфері қағидатына негізделген. Қол қойылғаннан кейін сарапшы топтар пилоттық аймақтың параметрлерін келісуге кіріседі. PoC қорытындысы бойынша Alatau City цифрлық егізі экожүйесінің функционалын кеңейту мәселесі қаралатын болады.

Қазір оқып жатыр

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй