USD
USD
USD

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

«Alatau City Authority» арнаулы басқару ұйымы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті және Алматы облысының прокуратурасы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Alatau City
Фото: Алматы облысы прокуратурасы

Астана, NEGE. Құжат инвесторлардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында тараптар инвесторлардың мәселелеріне жедел ден қою тетіктерін жетілдіруді, әкімшілік кедергілердің алдын алуды және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді көздейді.

Alatau City Authority
Алматы облысы прокуратурасы

Бұл бағыттың маңыздылығы Alatau City-дің инвестициялық жоспарларының ауқымымен айқындалады. Қазір қаладағы инвестициялық пул 67 жобадан тұрады. Олардың жалпы көлемі шамамен 6,9 млрд АҚШ долларын құрайды және 55 мыңға жуық жұмыс орнын құру әлеуеті бар.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы инвестициялық жоспардың мұндай ауқымында инвесторлардың сенімін ақтау және олардың құқығын қорғаудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Ауқымды инвестициялық көрсеткіштердің артында нақты инвесторлар, олардың капиталы және Қазақстанға деген сенімі тұр. Сондықтан біздің міндетіміз – туындаған мәселелерге жауап беріп қана қоймай, оларды жобаларды іске асырудың бастапқы кезеңдерінде алдын алу. Бүгінгі Меморандум Alatau City Authority мен прокуратура органдарының мүмкіндіктерін біріктіріп, бизнестің мәселелерін жедел шешуге және инвесторларды жобалар іске асырылатын жерде тікелей қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Бауыржан Ералы.

Іс-шара барысында Комитет төрағасы комитет жұмысының негізгі бағыттары мен инвесторлардың құқығын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін, оның ішінде инвестициялық жобалардың цифрлық мониторингі, дербес прокурор институты, прокурорлық сүзгі және дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін таныстырды.

Alatau City Authority
Алматы облысы прокуратурасы

Айта кетейік, бүгінде Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті республика бойынша 3,4 мың инвестициялық жобаға қолдау көрсетіп, инвесторлардың құқығын қорғауға және туындайтын әкімшілік кедергілерді жоюға жәрдемдесіп келеді.

«Alatau City Authority» арнаулы басқару ұйымының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров инвестициялық жобаларды белсенді іске асыру кезеңінде капитал тартумен қатар, инвесторлардың одан әрі қызметі үшін болжамды жағдайлар қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру экономикалық әлеуеттің болуымен ғана емес, инвесторлардың құқықтарын қорғаудың нақты әрі ашық тетіктерінің болуымен де байланысты. Біздің міндетіміз – инвестициялық жобаларды жүйелі үйлестіруді, туындайтын мәселелерді уақтылы қарауды және әкімшілік кедергілерді азайтуды қамтамасыз ету. Қол қойылған меморандум Alatau City Authority мен прокуратура органдарының өзара іс-қимылын күшейтіп, инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың қосымша тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Әлішер Әбдіқадыров.

Меморандумға қол қою Алатау қаласында тиімді инвестициялық экожүйені қалыптастыру және инвестиция тартуға, жобаларды сүйемелдеуге әрі инвесторлардың құқығын қорғауға жауапты институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жолындағы кезекті қадам болды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат